Қоғам • 26 Сәуір, 2019

Жайбарақаттық жарға жықты

904 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектепке жапсарлас салынған нысан опырылып түсіп, заматта үйіндіге айналған.

Жайбарақаттық жарға жықты
Тайынша ауданындағы білім ошағына осыдан алты жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілгенімен, әбден тоз­ғаны соншалық, қалпына кел­тіру мүмкін болмаған се­кілді. Өйткені қабырға­лар­да қайтадан сызат пайда болып, мектеп басшылығы дабыл қаққан. Төтенше жағдайлар қызметі де апаттық жағдайда деп таныған. Солай бола тұра жергілікті билік шұғыл түрде шешім қабылдаудың орнына мәселені кейін­ге ысырып, жағдайға көз жұма қара­ғанға ұқсайды.

– Ғимараттың адам жы­лар­лық жайын айтып, қаншама дабыл қаққанымызбен, құ­лақ асар адам табылма­ды. Ата-аналардан жи­нал­ған қаражатқа жамап-жас­қағанмен ескі дүние қай­тіп жаңарады? Апаттың орын алатынын біле тұра, құла­ған­ша күткендері қалай? Күн­діз опырылып түссе не бо­лар еді? – дейді тұрғындар бас­шылықтың жайба­ра­қат­­­тығына наразы үнмен нали сөйлеп.

Әкімдіктегілер болса, ны­санның олар ойлағаннан ертерек құлап, мұндай оқыс жағдайды күтпегенін айтады. Оқу жылы аяқталған соң қалпына келтіру жоспарланып қойылыпты. Бірақ көк­темгі қар еріген кезде қауіп күшейіп, сүруге жеке серік­тесті жалдағанмен, істі соңына дейін жеткізуге үлгер­меген көрінеді.

Қырық сылтауы таусыл­майтын шенеу­ніктер бәрін ретке келтіреміз, алаңдауға еш негіз жоқ деген жұба­туынан жаңылар емес.

Солтүстік Қазақстан облысы