Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, «Киік» және «Уылдырық» жедел профилактикалық іс-шарасының 20 күнінде 48 әкімшілік және 8 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.
Іс-шара барасында Арал ауданы тұрғынының тұрғылықты мекен-жайының ауласында орналасқан жаздық суға түсуге арналған душ ішінен 21 дана ескірген киік мүйізіне ұқсас заттар анықталып, заттай дәлелдеме ретінде куәгерлердің қатысуымен толықтай тәркіленіп алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек іс-шара барысында аң аулау қағидаларын бұзудың 9 және және балық аулау ережесін бұзудың 29 дерегі анықталды. Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 382-бабы және 383-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Кіші Арал бүгінде балықтардың түр-түріне бай. Олар уылдырық шашып көбейсе елге ырыс, кәсіпкерге нәсіп.