Орталық аумағынан біздің елімізге өтіп келе жатқан 20 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы өзімен бірге 11 дана «RIMAX» бейнекамераларын және әртүрлі заттар алып келе жатқан екен. Жалпы құны - 259 300 теңгенікі деп есептелінген заңсыз тауар актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды.
47 жастағы Қазақстан азаматы Орталық аумағына жалпы салмағы 10 440 гр (315 000 теңгенің) «ПИЯУ» дәрілік шөбін кіргізбек болғандығы үшін ұсталды. Ұсталған азамат Панфилов аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Орталық аумағындағы шекара наряды 41 жастағы Қазақстандық азаматшаның «Ниссан» автокөлігін тексеру барысында орындық астына тығылған 36 дана 7.62 калибрлі оқ тауып алды. Ұсталған азаматша айғақ затымен бірге аудандық полиция бөліміне тапсырылды.