Спорт • 26 Сәуір, 2019

Каратеден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына қатысады

874 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каратеден Қазақстан жастар құрамасы Малайзияда өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды. Кадеттер, жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы құрлық додасы Кота-Кинабалу қаласында 26-28 сәуір күндері өтеді.

Каратеден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына қатысады

Азия чемпионатына 33 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан сапынан сынға түсетін каратешілердің басым бөлігі былтырғы құрлық сынында көзге түскен. 

Өткен жылы Окинавада өткен Азия біріншілігінде біздің спортшылар 5 алтын жеңіп алған болатын. Оның ішінде Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Әбілмансұр Батырғали де бар. 

«Былтырғы чемпионат біз үшін сәтті аяқталды. Біз Жапонияны ғана алға жіберіп, командалық есепте екінші орын иеленен едік. Малайзиядағы Азия біріншілігінде де спортшыларымыз жерге қаратпайды деп сенеміз. Алдағы уақытта ұлттық құрамаға өтетін жастар өздерін көрсетуі тиіс», - дейді каратеден Қазақстан жастар командасының аға бапкері Шаттық Қажымұқан.