Тағайындау • 26 Сәуір, 2019

Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры тағайындалды

1358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының келісімімен, Бас прокурордың бұйрығымен Бауыржан Мырзакеров Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры тағайындалды

Б.Мырзакеров 1975 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы Бас әскери прокуратурасы Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастаған. 

Әр жылдары Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, Сарыөзек әскери округы әскери прокурорының орынбасары, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары болып істеген. 

2018 жылдың мамырынан ҚР Бас прокуратурасы заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағаулау қызметінің бастығы болған. Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 21 жылдан көп. Аға әділет кеңесшісі атағы бар. 

Мемлекет басшысының жарлығымен ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.