ЕҚДБ мен Жасыл Климат Қоры Қазақстанда күн электр станциясын қаржыландыруға 16.7 миллион АҚШ долларын берді. Аталмыш келісімге Бейжіңде өткен «Бір белдеу – бір жол» бастамасының екінші халықаралық форумы барысында қол қойылды, деп хабарлайды ЕҚДБ баспасөз қызметі.
ЕҚДБ Жасыл Климат Қорымен (ЖКҚ) әріптестікте Шығыс Қазақстан облысындағы Жалғызтөбе кентінде қуаттылығы 30 МВт жаңа күн электр станциясының құрылысы үшін 16,7 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз ұсынып, Қазақстанда энергияның жаңартылатын көздерін дамытуды қолдауын жалғастыруда.
Бүгін ЕҚДБ 40 шетелдік көшбасшы, сонымен қатар 100-ден аса ел мен халықаралық ұйымдардың мыңдаған өкілдері қатысқан Бейжіңдегі «Бір белдеу – бір жол» бастамасының екінші халықаралық форумы кезінде қытайлық «Universal Energy» компаниясымен қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
Несиелік келісімге ЕҚДБ тұрақты инфрақұрылым тобының басқарушы директоры Нандита Паршад пен «Universal Energy» компаниясының президенті және бас директоры Нан Йи қол қойды.
ЕҚДБ ұйымдастырған қаржыландыру топтамасына 4,4 млрд теңге сомасына (11,7 млн АҚШ доллары) жергілікті валютадағы несие және 5 млн. АҚШ долларына дейінгі сомада ЖКҚ несиесі кіреді. Алынған қаражат Шығыс Қазақстан облысындағы Жалғызтөбе кентінде орналасатын қуаттылығы 30 МВт жаңа күн электр станциясының құрылысын қаржыландыруға пайдаланылатын болады. Станция жылына 38,900 МВт электр энергиясын шығарып, көмірқышқыл газ тастандыларын жылына 31,650 тоннаға қысқартуға көмектеседі.
Жоба құрылысын «Universal Energy» – жасыл энергетика саласындағы жобаларды инвестициялау, әзірлеу, құрылысын салу, пайдалану және қызмет көрсетуге мамандандырылған компания жүзеге асырады. «Universal Energy» бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда күн жобалары портфелін белсенді дамытып келеді.
Жалпы алғанда, бұл жоба Орта Азияда жаңартылатын энергетика облысындағы жобаларды қаржыландыру үшін 200 млн. еуро жалпы сомасына негіздік келісімге сәйкес қол қойылған сегізінші жоба болып табылады.
Жуырда ғана Қарағанды облысында қуаттылығы 40 МВт жаңа күн электр станциясы іске қосылды. Бұл жобаны да ЕҚДБ ЖКҚ-мен бірлесіп қаржыландырды.
Тек 2018 жылдың өзінде ғана жасыл экономикаға көшу жөніндегі тәсілдеме шеңберінде ЕҚДБ жасыл экономика жобаларына жалпы сомасы 3,4 млрд еуро инвестиция жұмылдырды.
Қазіргі таңда ЕҚДБ 254 жоба аясында Қазақстан экономикасына 8.85 миллиард еуродан аса қаржы инвестициялады.