Кеншілер астанасындағы «Достық үйінде» Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Social Trust әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі» (ST ӘКМ) әлеуметтік кәсіпкерлер үшін үш күндік семинар өткізді.

Білім беру жобасы өңірдің әлеуметтік өзекті мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, бизнес негіздерін үйренуге, жеке бизнес ашып, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және инновациялық идеяларды іске асыруға талпынған болашақ кәсіпкерлерге практикалық түрде көмек көрсетіп, кеңес беруді мақсат етті.
Семинар барысында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің негізі және қоғамның осал топтарын жұмыспен қамту жайында теориялық және практикалық білім алды.
Семинар барысында болашақ әлеуметтік кәсіпкерлер
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайтын Нұр-Сұлтан және Қарағанды
қалаларының тәжірибелі әлеуметтік кәсіпкерлерімен және ұйымдарымен бірге
пленарлық тұсаукесерге, пікірталастарға және нетворкингке қатысты.
Семинар қатысушылары әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы қырыққа жуық
тыңдарман болды. Іріктеу онлайн-сауалнама арқылы жүргізілді. Іріктеу барысында
қатысушылардың қоғамның өзекті мәселелерін шешу үшін әлеуметтік жоба құру
мүддесі негізге алынды.
«Green TAL» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы және ST ӘКМ тренері Эмин Әскеров қатысушылардың өздерінің әлеуметтік жобаларын бастау үшін қажетті білім алғанын атап өтті.
– Семинар барысында олар кәсіпкерліктің теориялық және практикалық негіздерін өтті, бизнес-жоспарлау мен өндірістік шеберханаларды ашу бойынша дайындықтан өтті. Бұл жоба азаматтар үшін идеяларын біріктіруге және дамытуға мүмкіндік берді, – деді Э.Әскеров.
Үш күндік семинарда әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы машықтары мен білімдерін жетілдірген болашақ кәсіпкерлер өздерінің жеке әлеуметтік ұйымдарын ашуға және оларды дамытуға дайын екендіктерін көрсетті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды.
Қарағанды облысы
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар