Руханият • 26 Сәуір, 2019

«Рухани жаңғыру» аясында шығармашылық көрме өтті

1290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Сәулет-қүрылыс факультетінің ұйымдастыруымен халықаралық этникалық шығармашылық көрме болып өтті.

«Рухани жаңғыру» аясында шығармашылық көрме өтті

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған көрмеге оқу орнының басшылары, факультет деканы, профессор-оқытушылар, жастар ұйымдарының көшбасшылары және өнер жолын қуған студент-жастар қатысты. 

Көрменің негізгі мақсаты – жастардың шығармашылығын шыңдау және оларға  қолдау көрсетіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысуға шақыру. 

Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде  ЕҰУ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі  Дихан Қамзабекұлы сөз сөйледі. Ғалым өз сөзінде университеттегі шығармашыл жастардың ұсынысы  қолдау тапқанын және бүгінгі көрме соның нәтижесі екенін атап өтті. 

 Сондай-ақ Дихан Қамзабекұлы көрмеге қатысушыларды ректор Ерлан Бәтташұлының атынан құттықтай келіп, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі көрме аясындағы әңгіме ЕҰУ студенттеріне ғана емес қазақстандық жастарға да рухани құндылық ретінде қосымша серпін беретінін жеткізді.

Шараға жиналғандар көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атай келіп, оған белсене атсалысқан профессор Т.Өтешова, доцент К.Бегімбай, доцент міндетін атқарушы Ж.Садықова, магистр З.Бозтайға ерекше ризашылықтарын білдірді.