Қоғам • 27 Сәуір, 2019

ЕҚЫҰ Қазақстанда шекарашыларды құжаттар қауіпсіздігі бойынша оқытуда

998 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шекара қызметінің 21 офицеріне арналған ЕҚЫҰ қолдаған жалған жол жүру құжаттарын анықтау және идентификациялау техникалары бойынша оқытушыларға арналған бескүндік тренинг 2019 жылғы 29 сәуірде Алматыда аяқталды.

ЕҚЫҰ Қазақстанда шекарашыларды құжаттар қауіпсіздігі бойынша оқытуда

Аустрияның Федералдық ішкі істер министрлігінен келген сарапшылар Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицерлеріне арналған арнайы бағдарламаны әзірледі. Қатысушылар қағаз өндіріс процесін, қағазға енгізілетін қауіпсіздік элементтерін, сондай-ақ қорғаныш элементтері қосылған сияларды және әртүрлі баспа технологияларын зерттеді. Сарапшылар 200-ге жуық шын және жалған жол жүру құжаттарын көрсетті, және де осы құжаттарда қорғаныш элементтерді анықтаудың жолдарын талқылады.

Тәжірибелік жаттығулар қатысушыларға әлемнің көптеген елдерінің банкноталарымен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Сарапшылар қатысушыларға арнайы үлкейткіш приборларды, сандық микроскоптарды және «Докубокс» приборын жаңадан алған білімдерін жаттықтыру үшін ұсынды. Құжаттарды қарастыруда ең үздік практикаларды зерттеуге қоса, болашақ инструкторларға басқаларды осы тұжырымдамаларды қалайша дұрыс оқыту жолдары бойынша кеңестер берілді. Іс-шара инструкторларды қорытынды дайындау үшін тағы екі апталық курспен толықтырылатын болады.

Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау бағдарламасымен, Заңсыз есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына қарсы күрес Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіруші орталығымен, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қыметімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды. Курсты ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіп-қатерлер департаментінің Жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі бойынша бағдарламасы қолдады.