«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірқатар әлеуметтік және индустриялық нысандарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының облыс жұртшылығымен, соның ішінде мұғалімдер қауымымен, еңбек ұжымдарымен, жастар өкілдерімен кездесуі жоспарлануда», - деп жазды Б.Уәли.
«ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісінің ақпаратынша, Президент сонымен қатар, «Қазақстан электролизді зауыты» АҚ-ның кеңесіне қатысады деп күтілуде. Бұдан бөлек, «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС-ға, Жастар бастамаларын дамыту орталығына және Назарбаев Зияткерлік мектебіне баратыны көзделген.