Президент • 28 Сәуір, 2019

Мемлекет басшысы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды

848 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті «бір терезе» қағидаты бойынша жастарға қызмет көрсететін республикадағы алғашқы мекемеге – Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды.

Мемлекет басшысы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды

Бұл орталық аймақ жастарына жұмысқа орналасу, мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларына қатысу, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсетеді. Жастарды құқықтық, психологиялық тұрғыдан қолдау және кәсіби бағдар беру – орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Мұнда айына 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі.  


Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға айтқан сөзінде Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасының өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. Мемлекет басшысы жастардың барлық бастамаларына қолдау көрсете беретінін жеткізді.