66 кило салмақта Арман «Сұңқар» Оспанов ұзаққа созылған үзілістен кейін октагонға қайта оралды. Жаунгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы деген атағы бар қандасымыз 27 жастағы германиялық Лом-Әли «Арыстан» Эскиевпен күш сынасты. Осыған дейін 19 кездесу өткізіп, 15 мәрте жеңіске жеткен неміс спортшысы да осал емес еді. Бірінші кезеңде Эскиев сәл басымдық танытты. Ал екінші кезең басталған бетте «Сұңқар» самғап келіп, қарсыласын тіземен тура бастан тепті. «Арыстан» ауыр нокаут алды.