Бағдарламаға сәйкес көпбалалы аналар үшін құны 500 мың теңге тұратын 100 грант бөлінген. «Бақытты отбасы – Алматы» қоры аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 600 сертификат табыстап үлгеріпті. Оның көпшілігі киім-кешек, азық-түлік, қажетті дәрі-дәрмектер алу үшін берілген.
Қысқа мерзімді курстарда визажист, тігінші, шаштараз секілді 60-тан астам мамандық бойынша дайындықтан өтуге болады.
«Көпбалалы аналарға, жағдайы төмен отбасының әйелдеріне мемлекет тарапынан ұдайы қамқорлық көрсетіледі. Бірақ, олардың көпшілігі бұл жайынан хабарсыз болғандықтан, қазір біз түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. «Атамекен», «Даму» қорларының өкілдері де аналармен кездесіп, оларға қаржылай қолдау көрсете алатындарын жеткізуде» – дейді «Бақытты отбасы» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің сарапшысы Ақнұр Жұмабаева.