Аймақтар • 29 Сәуір, 2019

Суретші Асқар Есенбаевтың «Ізденіс уақыты» атты жеке көрмесі өтеді

1067 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 3 мамыр күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Көркемөнер академиясының академигі Асқар Есенбаевтың «Ізденіс уақыты» атты мерейтойлық көрмесі көрерменге жол тартады.

Суретші Асқар Есенбаевтың «Ізденіс уақыты» атты жеке  көрмесі өтеді

Экспозиция мүсіндік портреттер мен символикалық портреттерді, графикалық жұмыстарды, бәрін қосқанда, әр жылдарда шебердің қолынан шыққан тоқсаннан астам туындыны қамтыған. Ертеректегі шығармашылығына «Кітапханашы Люся» және «Виктор» деген екі жұмысы жатады. Иса пайғамбардың «Сендер ‒ менің достарымсыңдар» деген сөзімен аталған композициясы Иса пайғамбар мен оның моральдық кемелдікке ұмтылған он екі шәкіртінің жұмыла, екпінді әрі сенімді адымдаған шебінен тұрады. Күміс жағылған граниттен жасалып, миф пен діннің құпия кеңістігінің арасында салтанат құрған адамзат тарихына қойылған басты ескерткіштерге арналған объектілер  топтамасы көрермен қызығушылығын тудырған шығармалар.

Асқар Есенбаевтың шығармашылығында графика да бар. Мүсінмен көрсете алмағанын графика тілімен жеткізеді. Суретшіге түсіндіруге болатын кез келген тәсілмен жеткізген маңызды: олар ‒ жапсыру, сурет салу, сөйлеу.
А. Есенбаеавтың жұмыстары Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорында, Мемлекеттік Третьяков галереясында, сондай-ақ АҚШ, Италия,  Германия, Франция және Ресей елдерінің жеке коллекцияларында сақтаулы.