Саясат • 30 Сәуір, 2019

MEGA-ға 25 миллионшы болып келген отбасы 1 миллион теңгеге ие болды

1017 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың сәуір айында MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығына келушілер саны 25 миллионға жетті. 25 миллионшы болып Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда орталығына бас сұққан ерлі-зайыпты Меруерт Айтбаева мен жолдасы Данияр қыздары Софияны ертіп, сауда ойын-сауық орталығына самокат сатып алуға келген.

MEGA-ға 25 миллионшы болып келген отбасы 1 миллион теңгеге ие болды

Келушілерді есептеу бағдарламасының мәліметінше, Меруерттің MEGA Silk Way-дің мерейлі қонағы болғаны анықталды. 2019 жылы 28 сәуірде отбасына сауда ойын-сауық орталығында бір миллион теңгеге сауда жасауға сертификат берілді.

– Біз сауда орталығына жақын маңда тұрамыз және Мегаға азық-түлікке жиі келіп, серуендеп қайтамыз. Мұнда кең, ашық, жылы, жайлы, ауа көп, бұл жер жанға жайлы,  – деді жолы болған бағдарламашы Меруерт Айтбаева.

– MEGA Silk Way-де жақсы уақыт өткізуге болады, мұнда балалардың ақыл-ойын дамытуға арналған ойын-сауықтар бар. Біз бұл жерде автокөлік ұтысына да қатысқанбыз, бірақ ұтқан жоқпыз. Міне, осы жолы жолымыз болды. Сыйға берілген сертификатқа техника, үйге арналған тауарлар, ойыншықтар, қызымыз бен өзімізге киім сатып аламыз, – дейді интерьер дизайнері Данияр Ділдәбеков.

Естеріңізге сала кетейік, MEGA Silk Way-дің кіріс топтарында маркетингтік зерттеулер жүргізу мақсатында келушілерді санайтын есептеуіштер жұмыс істейді. Ең ірі астаналық сауда-ойын-сауық орталығына келетіндердің орташа саны – бір миллион адам. 2019 жылдың 1-ші тоқсанында сауда-ойын сауық орталығына келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% -ға артқан.


АЛМАТЫ