Биыл 22-24 мамыр аралығында Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақ үйінде XVI Еуразиялық Медиа Форумы өз жұмысын бастайды. Жыл сайын бұл жиын әлемнің әр шалғайынан 500-ге тарта делегатты тоғыстырады.

Бұл күндері кезекті жиынға тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы Форум «Бүгінгі әлем: шынайылықтың түрленуі?» атауымен өтеді. Конференцияда әлемдік және өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер көтерілмек. Күн тәртібінде: жаһандануға қарсы үдерістер, тұтыну дағдарысының тереңдеуі, халықаралық құқық пен жасанды ақыл-ойды пайдалануға байланысты қауіп-қатерлер талқыланады. Сондай-ақ, Форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар – цифрлық әлемдегі журналистиканың болашағы мен блогсфера ықпалының артуын тілге тиек етеді.
Форумға 2002 жылдан бері 6 мыңнан астам шетелдік өкіл келді. Олардың арасында саясаткерлер, экономистер, саясаттанушылар, Нобель сыйлығының иегерлері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлер бар.
Форумға әр жылдарда Ислам республикасының бұрынғы президенті Иран Мұхаммед Хатами, Ауғанстанның 12-ші президенті Хамид Карзай, америкалық дипломаттар Ричард Холбрук пен Ричард Перл, АҚШ-тың бұрынғы конгресмені, Демократтардың басқару кеңесінің төрағасы Харольд Форд, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро, Грекияның бұрынғы туризм министрі және парламент мүшесі Ольга Кефалоянни, британ футурологы Рэй Хаммонд, танымал журналистер Владимир Познер, Максим Шевченко, Михаил Леонтьев, Софико Шеварднадзе, Питер Лавель, Пола Слиер, Стивен Коул, Ник Гоуинг, Ксения Собчак, ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің жетекшілері Виталий Игнатенко мен Михаил Гусман, жазушы Шыңғыс Айтматов, НАТО біріккен күштерінің бұрынғы жоғарғы бас қолбасшысы Уэсли Кларк, РФ үкіметінің бұрынғы төрағасы Евгений Примаков, ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Збигнев Бзежинский, ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир, VICE News Tonight шетелдік бөлімшесінің НВО кабельдік және спутниктік тележелісі жаңалықтар шығарылымының басшысы Норин Жамиль, америкалық саяси технолог, Барак Обаманың қос бірдей президенттік сайлау науқанында негізгі кеңесішісі болған Роджер Фиск, ВВС телеарнасының жаңалықтар редакторы, «Эмми» сыйлығының иегері Гэвин Хьюитт, продюсер, режиссер, «Оскар» сыйлығының номинанты Евгений Афинеевский сынды спикерлер келді.
Сонымен қатар, жалпы, форумды өткізу идеясы жетекші халықаралық медиа саласында едәуір қолдау тапты. Айталық, ЕАМФ жұмысына Euronews, CNN, BBC, Associated Press Television News, Reuters, Bloomberg, New York Times, Al Jazeera English, ИТАР-ТАСС, «Новости» РАА, РБК, Russia Today, 1 канал, «Жихан» ақпарат агенттіктрін қосқанда, әлемдегі 1500-ден астам беделді БАҚ өкілдері атсалысуда.
АЛМАТЫ
Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 16:42
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар