Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

В.Тварионас: Тағдырдың бізге берген үлкен сыйы

2154 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы сынды еліміздің экономикалық және саяси тірегі саналатын құтты өңірде 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті тұрады. Әлбетте осынша ұлт пен ұлыс баласының қарым-қатынасын айрандай ұйытып отырған ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясы деп нық сеніммен айтуға болады.

В.Тварионас: Тағдырдың бізге берген үлкен сыйы

Қарағанды облысында об­лыстық, қалалық және аудан­­дық деңгейдегі 55 этно­мәде­ни бірлестік жұмыс істей­ді. Қала­лар мен аудандарда об­лыс­тық қоғамдық бірлес­тік­тер­дің 4 филиалы және 23 бас­тамашыл тобы бар. Бұл ұйым­­дарда Қазақстан Респуб­ли­касының Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ру­хани жаңғыру» бағдар­лама­сын, «Ұлы даланың жеті қыры» және Қазақстан халқы Ас­самб­леясының «Қазақ­тану» жобасын жүзеге асыру мақсатында түрлі шараларды тұрақты өт­кізу үрдіске айналған.

Күні кеше өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезек­ті сессиясында ұйымның Төр­ағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Халықтың қа­лауы­мен құрылған Ассамблея бе­дел­ді конституциялық ор­ган­­ға айналды. ҚХА мем­лекет­тік құрылысқа барлық қа­зақ­стандық этностар мен діни конфессияларды тарта біл­ді. Ассамблеяны мемле­кет­­тің саяси жүйесімен ас­тас­тыра отырып, біз ұлттық бірлікте өзіміздің айрықша бағытымызды таңдадық», деп орынды атап өтті.

Біздің елімізде татулық пен келі­сімнен бөлек, қазақ­стан­дық­тардың бизнесі мен инвес­торлар үшін де жан-жақ­ты жағдайлар жасалған. Осы бере­келі тірлікті көзімен көр­­ген біздің литвалық дос­тары­­мыздың бірі Қарағанды об­лысының орталығында «Литва ауласы» деп аталатын керемет ғимарат салды. Қазіргі уақытта «Литуаника» литва бір­лестігінің мүшелері бұл жерде бас қосып, барлық мерекелерді атап өтеді.

Этномәдени бірлестіктер Қарағанды қаласында бой көтерген «Достық үйі» сынды ғажайып ғимарат үшін еліміздің Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевқа зор алғысымызды білдіреміз. Мұндай мәрттік пен батылдықты біздің соңымыз­дан ерген жаңа буын өкілдері де жақ­сы сезінеді. Осы орайда биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуының да тегін емес­тігін айтқым келеді. Біз жас­тарға мемлекетті, бизнесті және отбасын құру ісінде өз­дерін көрсете алатын тамаша мүм­кіндік беріп отырмыз. Бола­шақта жас буынның бізге ри­за­шы­лықпен және құрметпен қарай­тынына нық сенімдіміз.

Біз, Қазақстанда тұратын литвалықтар, кезінде өз ба­сын­дағы ауыр жағдайға қара­мас­­тан, өзге ұлттарға көмек қолын созған қайырымды қазақ халқына әрқашан құр­мет­­пен, зор ризашылық сезімі­мен қараймыз. Еліміздегі ты­ныш­тық пен тұрақтылықты қазақ халқының бауырмалдығы мен дарқандығына тағдырдың берген үлкен сыйы ретінде қабыл­дайтындығымыз да со­ның жарқын белгісі. Салт-дәс­түрі сақталған, тілі мен дініне еркін­дік берілген көпұлт­ты, көп конфессиялы Қазақстан хал­қы еліміздегі бейбіт өмірдің тірегі саналатын татулық пен келі­сімді сақтауға ең бірінші кезекте мүдделі деп нық сеніммен айтуға болады.


Виталий ТВАРИОНАС,

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қайырымгерлер мен меценаттар клубының төрағасы, «Литуаника» литва бірлестігінің төрағасы

ҚАРАҒАНДЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше