Қоғам • 01 Мамыр, 2019

Жесірлермен бірге жылаған...

1450 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жыл сайын 9 мамырда Жеңіс күні атап өті­леді... Бұл мереке ме, әл­де майданда құрбан болған миллиондарды еске алып, аза тұтатын күн бе? Не десек те, Же­­­ңіс күні – екіұдай се­зім­­ге қалдырады. Көз­көр­гендер Екін­ші дүние­жүзілік соғыс­тан кейін мүге­дек майдангерлер, жетім балалар, жесір аналардың тым көбейіп кеткенін күрсініп еске алып отырушы еді.

Жесірлермен бірге жылаған...

Сол сұрапыл со­ғыс­тың қасіретін көргендер де си­ре­ді. Бесіктен бе­лі шық­пай жа­тып тылда ауыр еңбек еткен ұр­­пақтың өзі де азайды. Сон­дық­тан қан­ша­ма тауқымет пен қайғы әкел­ген осы жеңістің қадіріне жет­пейтін, 9 мамыр мерекесіне жай­барақат қа­рай­тын жас­тарға бұл күннің мәнін ауық-ауық еске салып тұру парыз. Кейде сөзбен айтып жет­кізе алмайтынды бір ғана сурет сөйлете алады. Ал мына бей­не осыдан 40 жыл бұрын тү­сіріліпті.

– Мына суретті 1979 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе, қазіргі Мұс­­тафа Шоқай ауылында түсір­дім. Бірде туған ауылыма жолым түсіп, Сұлутөбеге барсам, ескерткішке тесіле қарап, бір әйел жылап тұр екен. Екі кадр түсіруге зорға үлгердім. Бір жағынан біреу жылап тұрғанда, менің суретке түсіріп жатқаным да ыңғайсыз көрінді. Алайда бұл көріністі көргенде толқымау мүмкін емес еді. Ол кезде соғыс жесірлерінің көбінің көзі тірі еді.

Осы фотодан соң «Соғыс жесірлері» деген сериямен суреттер түсіре бастадым. Екі жыл­ бойы майданнан азаматы орал­­маған шешелерімізді түсір­­­­­дім. Сонда деймін-ау, же­­­­­сір­­­­лер жы­ласа менің де қоса жы­­­лаған уақыттарым болды. Ол жерде шыдау мүмкін емес.

Кейін 1983 жылы бұл сурет Мәскеуде өткен Қазақстан фотоөнері шеберлерінің көр­­ме­­­­­­сіне қойылды. Бірақ өзім ол көр­меге бара алған жоқпын. Су­реттің қып-қызыл болып тұр­­ғаны, сол кездегі түрлі-түс­ті үл­­­­­дірмен түсірілді, – дей­ді қы­зылордалық танымал фо­тотілші Болат Омарәлиев.

Болат Омарәлиев әлеу­­­­­мет­­­тік желіде өзінің жерлес­­­­­­тері, Сұ­лутөбенің адамда­ры бар­шылық екенін, бі­­реу­ болмаса, біреуі осы су­рет­­­тің кейіпкерін таныр деп үміттеніп, бұл фотоны әлеу­меттік желіге салған еді.

Талай адамды толқытып, талай адамның көзіне жас үйірген осынау сәтті сурет әсерлі естеліктердің тиегін ағыт­­­­­­­­­­­­­­қанымен, фотодағы ана та­­­­был­­мады. Ол ұлын күткен ана ма әлде жарын сағынған шер­менде шешелеріміздің бірі ме? Алайда, біраз адам Ұлы Отан соғысы қалдырған қасіретті ке­йінгі ұрпаққа тү­­­­сін­­­діру үшін дәл осындай фо­толарды көр­­­сетудің өзі жет­кі­лікті екенін жа­­зыпты.

Енді біреулер бала кезінде үйінде жүретін 4 бірдей сұ­­лу келіншектің соғыстан оралма­ған ағаларының жарлары еке­нін айтады. Сол сияқты бес бір­дей ұлынан айырылып, боз­дап өткен аналардың көз жасын жазады...


АЛМАТЫ