Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

Павлодардағы кардиоорталықта Мәжіліс депутаттары Ольга Шишигина, Глеб Щегельский, Александр Суслов болды

856 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірге жұмыс сапарымен келген депутаттарды кардиологиялық орталықтың жұмысымен орталық басшысы Әділ Дүржанов таныстырды.

Павлодардағы кардиоорталықта Мәжіліс депутаттары Ольга Шишигина, Глеб Щегельский, Александр Суслов болды


 - Орталық заманауи кардиохирургияның барлық бағыттарын біріктіреді, - деді Әділ Дүржанов. – 2015 жылдан бері жүрек ақауы бар жаңа туған сәбилерге де ота жасау мүмкіндігі туды. 

Салмағы 700 грамдық сәбилерге де ота жасайтын неонатологтар мен бала реаниматологтар жұмыс істейді. 

Қазіргі кезде кардиоорталық заманауи кардиохирургия мен интервенциялық кардиологияның барлық бағыттарын біріктіреді және ересектерге де, балаларға да көмек көрсетеді. 

Депутат Александр Суслов: - Еліміздегі халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін жеткізетін сіздерсіздер, - деді. - Көріп тұрғанымыздай  адам денсаулығын сақтау, емдеу үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Ал біз – тұрғындар, өз кезегімізде, спортпен шұғылдануымыз керек. 

Мысалы, орталық басшысы  кардиохирург Әділ Дөржановтың өзі ашық жүрекке өзі 2000-астам ота жасаған. Өңірімізде ересектер және балалар кардиохирургиясы, рентгенэндоваскулярлық кардиохирургиясы және аритмологиясы дамып келеді. Орталық  инновациялық технологияларға, шағын инвазивті бәсең хирургияға, құжат айналымының цифрландырылуына және заманауи менеджментке көңіл бөлуде. 

- Қазіргі кардиохирургия мен интервенциялық кардиологияның барлық бағытын біріктіріп, ересектерге және балаларға да көмек көрсетуде, - дейді  кардиохиуруг.– Сондықтан, да біз мамандардың санаттарын арттыруға басымдылық береміз. Шетелдік мамандардың қатысуымен бірнеше шеберлік сабағын өткізілді. Сондай-ақ, депутаттар орталық дәрігерлерімен кездесті. Облыстың бас анестезиологы Инна Гловацкая Мәжіліс депутаттарынан анестезиологтар мен реаниматологтарға жағдай жасауды өтінді.

- Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хирург, гинеколог пен неонатологтардың зейнетке ерте шығуы мүмкіндігін қарастыруда. Анестезиологтар мен реаниматологтар психоэмоциялық күйзеліске жиі ұшырайтын мамандықтар болуы себепті, оларды да зейнетке ерте шығатын дәрігерлер тізіміне енгізу керек, - деді Инна Гловацкая. 

Депутаттар  бұл мәселені жан-жақты қарастыруға уәде берді. 

ПАВЛОДАР

Сурет Нұр Отан партиясы филиалынан алынды