Атырауда Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар басталды. Сұлтан Бейбарыс алаңындағы концерттік бағдарлама мыңнан астам көрерменді жинады. Мереке қонақтары үшін жергілікті 500-ге жуық әртіс өнер көрсетті.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау сөзінде ел аумағында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен келісімі арқасында Қазақстанда бейбітшілік салтанат құрып тұрғанын атап өтті.
- Қазақстанда 130, біздің облыста 20-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Ұлтаралық татулық пен келісімнің арқасында Қазақстан бүкіл әлемге дінаралық, конфессияаралық саясаты жоғары дамыған ел ретінде белгілі болып отыр. Осы үлгі мен тәжірибені болашақ қазақстандықтарға аманаттауымыз керек,-деді өңір тұрғындарына Нұрлан Ноғаев.
Мерекелік шаралар ҚР Ұлттық гвардиясы ансамблінің концертімен жалғасты. Бүгін сағат 20.00-де Атырау тұрғындары мен қонақтары үшін аймақтағы шығармашылық ұжымдар мерекелік концерттік бағдарлама ұсынады.
Атырау