Аймақтар • 02 Мамыр, 2019

Алматы қаласында Рамазан айының қарсаңында баспасөз маслихаты өтеді

1016 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең, 3 мамыр күні қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы бастаған дін өкілдері Алматыда БАҚ өкілдерімен жүздеседі.

Алматы қаласында Рамазан айының қарсаңында баспасөз маслихаты өтеді

Өкіл имам баспасөз маслихатында Рамазан айының артықшылығы, ораза ұстаудың дұрыс ережелері, пітір садақасының мөлшері туралы ақпарат бермек. Сонымен қатар, биыл Ораза қай күннен басталып, қанша күнге жалғасатыны, Қадір түні мен Ораза айт  намазы қашан оқылатыны туралы баяндалатын болады.

Сондай-ақ, өкіл имам ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Рамазан айына орай мұсылман қауымына, барша дін жанашырларына жолдаған Үндеуін жеткізеді.

Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Ерсін қари Әміре мен ұстаз Бауыржан Әлиұлы Діни басқарманың игілікті істері жайлы баяндап, әртүрлі діни сауалдарға жауап береді.

Басқосу соңында БАҚ өкілдеріне «Тәлімгер Пайғамбар тағылымы», «Рамазан мүбәрак», «Қазақстанда өткен республикалық Құран жарыстарының ФОТО тарихы», т.б.кітаптары таныстырылып, сыйға тартылады.

Өтетін орны: Медеу ауданы, Пушкин көшесі – 16, ҚМДБ-ның Алматы қаласындағы ғимараты.