Президент • 03 Мамыр, 2019

Мерекелік шараға қатысты

1287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шараға қатысты. Қаладағы Абай алаңына жиналған алматылықтар мерекені айрықша салтанатпен атап өтті.

Мерекелік  шараға қатысты

Алматы – азаттықтың бе­сі­гіне ба­лан­ған, елдігіміздің іргесі қаланған қастерлі қала екенін айтқан Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқын ынтымақ мере­кесімен құттықтады.

– Құрметті әлеумет, қадірлі қауым, ардақты алматылықтар! Бүгін ерекше күн. Татулық мере­кесі. Еліміз бұл мерекені ерекше жақсы көреді. Сон­дық­тан баршаңызды шын жүректен құт­­тықтаймын. Ұлт пен ұлыстың ынты­ма­ғын дәріптейтін осынау ме­рекенің қадір-қасиетін бәрі­міз жақсы білеміз. Екі күн бұ­рын ғана өткен Қазақстан хал­қы Ас­самблеясының басқо­суын­да сөй­­леген сөзінде Елбасымыз ел ішін­дегі мызғымас татулықтың маңыз­ды­лығын атап өтті. Тарихтың сан қилы сын сағаттарында қазақ жерін паналап келген көптеген ұлт өкілдері бір үйдің баласындай туыс, бауыр болды. Заманның тауқыметіне қарамастан, біздің халқымыз солардың бәрін бауырына басып, барымен бөлісті. Егемендік алған жылдары көп­этносты, көпконфессиялы елі­міздің келешегі туралы түрлі теріс болжамдар айтылды. Алайда, Елба­сымыздың арқасында Қазақ­стан бүгінде түрлі этнос өкіл­дерінің киелі шаңырағына айнал­ды.

«Біріңді қазақ, бірің дос, Көр­месең істің бәрі бос» деп ұлы Абай айтқандай, біз еліміз­дің жемісті әрі жеңісті күнде­ріне ынтымағымыз арқылы жет­тік. Қымбатты алматылықтар, таби­ғаты таңғажайып ару Алматы – бірегей, баламасы жоқ шаһар. Оның жылнамасы – бүкіл Ота­нымыздың жарқын айнасы. Жас мемлекетіміздің жетістіктерін дүние жүзіне алғаш танытқан да осы Алматы. Алатау бау­райындағы әсем қала бүгінде қазақ зиялыларының құтты мекені болып отыр. Алматы – ғылымның ордасы, өнердің бесігі, шығармашылықтың шаңырағы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мерекелік шарада елі­мізді мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің таным-тарихы­нан сыр шертетін көрме ұйым­дастырылып, отандық өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты. «Жігіттер» квар­теті, «Салтанат» би ансам­блі, «Асылым» би тобы, Ар­дақ Балажанова, Меруерт Түсіп­баева, Әли Оқапов, Динара Сұлтан, Кәмшат Жолдыбаева сынды өнерпаздар мерекенің ажарын арттырды.


АЛМАТЫ