Қазақстан • 03 Мамыр, 2019

Алдағы сайлау ел дамуына серпін береді

1167 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ұйымдастыруымен «Қазақстандағы 2019 жылғы сайлау: ішкі және сыртқы саясаттың сабақтастығы мен тұрақтылығы» тақырыбында сарапшылар пікірталасы өтті.

Алдағы сайлау ел дамуына серпін береді

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев кезек­тен тыс сайлау өткізу туралы өз сөзінде елде­гі әлеуметтік-саяси келісімді қамта­­ма­­сыз ету және әлеуметтік-эконо­ми­калық даму міндеттерін шешу үшін болашақ сая­си бағытқа қатысты «белгісіздікті жою керек» екенін атап көрсетті. Бұл тұрғыда үміткердің қазіргі саяси бағыт­тың дәйек­ті­лігі мен сабақтастығын қамта­ма­сыз ету қабілеті сайлаушылардың негізгі өлшемі болып табылады.

Кездесу барысында сарапшылар Қазақ­­станның ішкі және сыртқы саяса­ты­­ның негізгі аспектілерін қарастырып, 2019 жылғы 9 маусымға жоспарланған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын талқылады.

ҚСЗИ-дың директоры Зарема Шә­у­­ке­­но­ва алдағы сайлаудың маңыз­­ды­лы­ғына тоқталды. Оның айтуынша, дауыс беру нәтижелері үміткердің сайлауалды бағдарламаларының негі­зін­де Қазақстанның болашақ дамуын анық­тай­ды.

Талқылау барысында Әлеуметтік жұ­мыс жөніндегі ұлттық ресурстық орта­лық­тың директоры Ләзат Нұрқатова бар­­лық қазақ­стандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру үшін мем­ле­кеттің әлеуметтік бастамаларын жалғас­ты­рудың маңыздылығы мен бірінші кезек­тілігі туралы пікірін білдірді. Соны­мен қатар Орталық Азия өңіріндегі этно­саралық және конфессияаралық қаты­настарды зерттеу орталығының жетек­ші­сі Айгүл Садуақасова сөз сөйлеп, этно­саралық және конфессияаралық бір­лік пен келісімнің сақталуы туралы мәселе мемлекеттік дамудың маңызды аспектілерінің бірі болып қала беретінін айтты.

ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев еліміздің сыртқы саясаты туралы әңгімелеп берді. Оның пікірінше, сайлаудың нәтижелері еліміз­дің сыртқы саясатына жаңа серпін береді және халықаралық аренадағы сенімді әріп­тес ел ретінде Қазақстанның беделін нығайтады.

Талқы­лауға Азиялық зерттеулер инсти­­ту­­­тының директоры Сұлтан Әкім­бе­­­ков, «Қоғамдық пікір» зерттеу инсти­ту­­тының жобалар жөніндегі директоры Ботагөз Рақышева, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерт­теу орталығының жет­екшісі Берік Әбдіға­ли­ұлы, Ұлттық ғы­лыми-прак­ти­калық орталық бас­қармасының же­текшісі Анар Фазыл­жан, қоғам қай­рат­ке­рі, блогер Ғалым Байтұқ, ішкі және сырт­қы саясат сала­сын­дағы сарапшылар белсенді қа­­тыс­ты.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51