Аймақтар • 03 Мамыр, 2019

Солтүстік Қазақстанда соғыс ардагерлеріне 250 мың теңгеден беріледі

1016 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірінен екінші дүниежүзілік соғысқа 93 мыңдай боздақ аттанып, үштен бірі майдан даласынан оралмаған.

Солтүстік Қазақстанда соғыс ардагерлеріне 250 мың теңгеден беріледі

56 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, 11 жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық иегері атанған. Былтыр 130 соғыс ардагеріне құрмет көрсетілсе, биыл олардың қатары 82-ге дейін кеміген.Майдангерлердің ең жасы 93-те.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізовтың айтуынша, Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлерінің әрқайсысына  250 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.

«Соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге 5 АЕК мөлшерінде бірреттік сыйақы беріледі. Бұдан басқа, ай сайын оларға 40 мың теңге төленеді. Тіс протезін салу, шипажайларда ем-дом алу  тегін. Мереке қарсаңында ТМД елдері бойынша бір бағытқа тегін жол жүре алады», дейді Ескендір Есмақұлы.

Мұндай қошеметтен мекеме-ұйымдарға бекітіліп берілген  тыл еңбеккерлері де шет қалмайды.