Спорт • 04 Мамыр, 2019

Күрес: Әлиевтің турнирі аяқталды

1184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ресейдің Каспийск қаласында еркін күрестен әлемнің бес дүркін чемпионы, даңқты Дағыстан күрес мектебінің түлегі Әли Әлиевті еске түсіруге арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста мына балуандар жеңіс тұғырына көтерілді:

Күрес: Әлиевтің турнирі аяқталды

57 кило: 1. Заур Угуев. 2. Азамат Тускаев. 3. Хасанхусейн Бадрудинов (барлығы да – Ресейден) пен Рейнерис Андреу Ортега (Куба).

61 кило:  1. Зелимхан Абакаров. 2. Магомедрасул Идрисов. 3. Артём Гебеков (барлығы да – Ресейден) пен Йовлис Боне (Куба). 

65 кило: 1. Баджранг Пуния (Үндістан). 2. Виктор Рассадин. 3. Курбан Шираев және Азнаур Таваев (барлығы да – Ресейден).

70 кило:  1. Разамбек Жамалов (Ресей). 2. Гитиномагомед Гаджиев (Әзірбайжан). 3. Анзор Закуев пен Чермен Валиев (екеуі де – Ресейден). 

74 кило: 1. Дарсам Джапаров. 2. Ахмед Усманов. 3. Магомед Курбаналиев (барлығы да – Ресейден) пен Азамат Нуриков (Беларусь).

79 кило: 1. Магомед Рамазанов. 2. Артур Биченов (екеуі де – Ресейден). 3. Рашид Курбанов пен Иса Шапиев (екеуі де – Өзбекстаннан). 

86 кило: 1. Артур Найфонов. 2. Дәурен Куруглиев. 3. Хабиб Гаджиев (барлығы да – Ресейден) пен Жабраил Шапиев (Өзбекстан).

92 кило: 1. Шариф Шарифов (Әзірбайжан). 2. Әлихан Жабраилов. 3. Анзор Уришев пен Батырбек Цакулов (барлығы да – Ресейден). 

97 кило: 1. Магомед Ибрагимов (Өзбекстан) 2. Рейнерис Салас Перес (Куба). 3. Нұрмагомед Гаджиев (Әзірбайжан) пен Шәміл Мұсаев (Ресей).

125 кило: 1. Владислав Байцаев. 2. Павел Кривцов. 3. Алан Хугаев (барлығы да – Ресейден) пен Ден Живей (Қытай).

Әли Әливтің турнирінде Қазақстанның балуаны Расул Қалиевтің жеңіс тұғырына көтерілуіне жақсы мүмкіндігі болды. Алайда 61 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан қандасымыз қола медаль үшін тартыста Дағыстанның өкілі Артем Гебековтен ұтылып, бесінші орынды қанағат тұтты.