Президент • 04 Мамыр, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президентін қабылдады

1468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысына Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жақында ЮНЕСКО аясында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Ұлы дала өркениетіне қатысты халықаралық форумға дайындық барысы мәлімделді. Сонымен қатар, биыл жарық көргеніне 100 жыл толатын «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің ғасырлық мерейтойына қатысты шығарылған кітаптар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында атқарылып жатқан істерге жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді.