Аймақтар • 05 Мамыр, 2019

Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы офтальмология орталығының жұмысымен танысты

897 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары Сергей Звольский, Артур Платонов, Құралай Қаракен және Кәрібай Мұсырман Петропавлдағы офтальмология орталығына барды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы офтальмология орталығының жұмысымен танысты

Қазіргі заманауи медициналық мекеме осы жылдың қаңтар айында ашылды. Орталық жыл сайын әр түрлі дәрежедегі көру қабілеті бұзылған 5000 пациенттерді қабылдай алады.

Басшылықтың сөзінше, мекемеде облыс тұрғындары, шетелге шықпай, еуропалық деңгейдегі жоғары мамандандырылған офтальмологиялық көмек ала алады.

Орталықтың алаңы – 2 мыңнан астам шаршы метр, 35 төсек бар. Онда көздің тор қабығы патологиясының және көру нервісінің емдеу үшін қазіргі заманғы диагностикалық құрал-жабдықтар орнатылды. Бұдан басқа, орталықта операцияларды жүргізуге ниетті. Қант диабетімен ауыратын адамдардың көз ауруларын анықтау үшін лазерлік қызметі бар.

Медициналық мекемеде тегін және ақылы негізде халыққа қызмет көрсету тәулік бойы беріледі. Сонымен қатар, орталықта балалар офтальмология бөлімшесін құру жоспарланған.

- Бұл нысанның әлеуметтік маңыздылығы зор. Осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысында мұндай медициналық мекемелер жоқтың қасы. Ең бастысы, орталықта операциялар тегін жасалады. Мекеме заманауи медициналық құралдармен жабдықталған және емделушілердің көңілінен шығуда, яғни клиника өзінің тиімділігін дәлелдеуде, - деді Мәжіліс депутаты Артур Платонов.

Қазіргі таңда офтальмологиялық орталықта шамамен өңірдің 7 мың тұрғыны есепте тұр. Олардың арасында – глаукома, миопия және катаракта аурулары бар 2,5 мың балалар мен жасөспірімдер.

Мәжілісмендер офтальмология орталығының дәрегерлерімен кездесу барысында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын заңнамалық сүйемелдеу, елдегі әлеуметтік саланы, әсіресе денсаулық сақтау саласын дамытудың мәселелеріне ерекше тоқталды.