АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жек 12 раундқа созылып, жеңімпаз боксшының есімі төрешілер шешімімен анықталды. Үш төрешінің де басым дауысына ие болған (115-113, 115-113 және 116-112) мексикалық боксшы Сауль Альварес орта салмақтағы WBC, WBA және IBF белдігін иеленді.
Жекпе-жектен кейін сөз алған Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жекті өткізуге қарсы емес екендігін айтты.
Бұл кездесуді тамашалауға отандасымыз Геннадий Головкин де барды. «Бұл жекпе-жек көрермендерге нағыз ләззат сыйлайтын «жан алысып, жан беріскен» айқас емес, тек екі боксшы арасында спарринг-жаттығу ретінде өтті», деді Головкин.