Сайлау • 06 Мамыр, 2019

Кандидаттарды тіркеу туралы қаулы қабылданды

1064 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жұма, сенбі күндері Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, оның төрағасы Берік Имашев 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің кезектен тыс сайлауына Қа­сым-Жомарт Тоқаев, Сәді-Бек Түгел, Амангелді Таспихов, Дания Еспаева президенттікке кандидат ретінде тіркеуге ұсынылғанын айтты.

Кандидаттарды тіркеу туралы қаулы қабылданды

Осыған орай Қасым-Жо­март То­қаевты Қазақстан Рес­пуб­ликасының Пре­зидент­тігіне кандидат ретін­де тіркеу туралы мәселе қара­лып, Орталық сайлау комис­сиясының хатшысы Сәбила Мұстафина қаулы жобасымен таныс­тырды. Ол Nur Otan партиясы 2019 жылғы 23 сәуірде Орталық сайлау комиссиясына Қасым-Жомарт Тоқаев­ты Президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы құжаттарын берді, деді. Сондай-ақ кандидаттың мем­­ле­кеттік тілді еркін мең­гер­гендігін анық­тау туралы Орталық сайлау комис­сия­­сының қаулысына сай, Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың Конституция мен «Қазақ­стан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң­ның талаптарына сәйкестігі анықталып, оған азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді, деді.

Сонымен қатар Орталық сайлау комис­сиясы Қазақ­станның барлық 17 өңі­рінен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға 315 910 азаматтың қо­лы жиналып, оның 313 653-і 

дұрыс деп таныл­ғанын хабарлады. Жалпы, Орталық сайлау комиссиясының талаптарына сай, кандидатты қолдау үшін қажетті қол саны кемінде 118 140 болуы керек. Демек, Қасым-Жомарт То­қаевты Пре­зи­денттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжат Орталық сайлау комиссиясына ұсынылған және қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. Сөйтіп аталған қаулы негізінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Респуб­ликасы Президенттігіне кандидат ретін­де тіркелді. Ал Орталық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы Берік Има­шев Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиісті куәлікті табыс етті. 

Бұдан кейін аталған сай­лауға Сәді-Бек Түгелді Пре­зи­денттікке кандидат ре­тінде тіркеу туралы қаулы жо­басы тыңдалды. Ол баянда­маны Орталық сайлау комис­сиясының мүшесі Бақыт Мел­дешов жасады. Баяндамашы 2019 жылы 22 сәуірде «Ұлы Дала Қы­рандары» рес-

пуб­­ликалық қоғамдық мәде­­ни-әлеуметтік бірлестігі Орта­­лық сайлау комиссиясына Пре­­зиденттікке кандидат ре­тін­де Сәді-Бек Түгелдің құ­жат­тарын ұсынғанын айтты. Осы құ­жаттар негізінде оның Конс­титуция мен «Қазақстан Рес­публикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігі анық­талып, оған азаматтардың қол­дарын жинау үшін қол қою парақтары берілген.

Сөйтіп Орталық сайлау ко­миссиясына республика бойынша азаматтардың жи­нал­ған қолдарын тексеру нәти­желері жөнінде хаттама ұсы­нылған. Осы хаттамалар не­гізінде Президенттікке кан­дидат ретінде Сәді-Бек Түгел­ді қолдауға елдің барлық өңірінен 122 102 азаматтың қолы жиналып, олардың 120 175-і дұрыс деп табылған. Осы­лайша Сәді-Бек Түгелді Пре­зиденттікке канди­дат ретін­де тіркеуге қойылатын талап­­тарға толық сәйкес келеді деп ұйға­рылды. Сөйтіп Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы» қаулы қабылданып, оған тиісті куәлік табыс етілді.

Бұдан кейін Амангелді Таспиховты Қазақстан Рес­пуб­ликасының Пре­зи­денттігіне кандидат ретінде тіркеу  талап­қа сай өтті. Қаулы жобасы туралы Орталық сайлау комис­сиясының хатшысы Сәбила Мұстафина баяндама жасады. Ол 2019 жылғы 25 сәуірде «Қазақстан Рес­публикасының Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі Орталық сайлау ко­миссия­сына Президенттікке кандидат ретін­де Амангелді Таспиховтың ұсыныл­ған барлық қажетті құжаттары анық­талып, қабылданғанын жет­кізді. Осы құжаттардың негі­зінде Аман­гелді Таспихов­тың заң талаптарына сәйкестігі анықталып, оған азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілген. Сөй­тіп, ел бойынша Амангелді Тас­пиховты қолдаған 122 770 аза­маттың қолы жиналып, олар­дың 119 577-і талапқа сәйкес деп танылды. Соның негізінде қаулы қабылданып, Амангелді Таспиховқа кандидат куәлігі берілді.

Сол секілді Қазақстан Рес­публикасы Пре­зидентінің кезектен тыс сайлауына Дания Еспаеваны Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы мәселе қаралып, оны Орталық сайлау комиссиясының мү­ше­сі Зәуреш Баймолдина таныс­тырды. 2019 жылғы 25 сәуірде Қазақ­станның «Ақ жол» Демократиялық пар­тия­сы Президенттікке кандидат ретін­де Дания Еспаеваның құжаттарын ұсын­ды. Рес­пуб­лика бойынша кандидат Дания Ес­пае­ваны қолдаған 144 098 азаматтың қо­лы жиналған, олардың 139 541-і рас болып танылды. Сондықтан Дания Ес­паева да Қазақстан Республикасы Пре­зиденттігіне кандидат ретінде тіркеліп, оған тиісті куәлік берілді.