Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту ел экономикасын дамытудағы басым бағыттардың бірі саналады. Соған байланысты жүктердің транзит ағынын қамтамасыз ету, көлік дәліздерін құру және жаңғырту бүгінгі таңда кезек күттірмейтін стратегиялық міндет деуге болады.

ҚХР-дан алынған 2 млрд юаньға (112 млрд теңгеден астам) 9 автокөлік бекеті мен 1 темір жол өткізу бекеттерін жаңғырту және техникалық жабдықтау жоспарланып отыр. Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Жібек Абылқасымова жоспарланған жоба 2022 жылға қарай аяқталуы тиіс екенін айтады. Несиені юаньға шаққанда жылдық мөлшерлемесі 2%-ды құрайды. Өтеу мерзімі – 20 жыл. Алғашқы 5 жылда тек пайыздық төлем аударылмақ. Алтыншы жылдан бастап соңғы мерзіміне дейін қарыздың негізгі сомасы төленеді деп жоспарлануда.
– Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасының барлық периметрі бойынша бақылау пункттерін жаңғырту, сондай-ақ тауарлардың қозғалысын толық циклді автоматтандыру – кедендік әкімшілендіру деңгейінің сапасын көтереді. Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері барынша азайтылады. Бұл тұтастай алғанда трейдерлер мен елдің қаржы шығындарына жағымды әсер етеді, – деді Ж.Абылқасымова.
Салалық сегментте Қытай елінің инвесторлары үшін ең тартымды 5 сектор қарастырылған. Бұл – тасымалдау және қоймалау (4,9 млрд доллар), тау-кен өндірісі (2,6 млрд доллар), қаржы және сақтандыру қызметі (2,2 млрд доллар), құрылыс, қайта өңдеу өнеркәсібі (2,1 млрд доллар). ТОП-5 саланың үлесі барлық қытайлық инвестицияның 88,9%-ын (14 млрд АҚШ доллары) құрайды. Бүгінгі таңда екі ел компанияларының бірлескен жобаларының ұзын саны 51-ге жетіп, жинақталған инвестиция 27 млрд долларды құрағанын да айта кету керек. Көзделген меже іске асырылса, 20 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары ашылуы ықтимал.
Дегенмен, мына бір жайтты естен шығармаған абзал. Геосаясаттағы тектоникалық өзгерістерді назарға алсақ, көршілерімізге жасалған санкциялардың салқыны Қазақстанға да тиюі ғажап емес. АҚШ пен Қытайдың арасындағы сауда соғысы өрши беретін болса, бұл белгілі дәрежеде қазақстандық экономикаға да әсер етуі ықтимал. Өйткені Ресей мен Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда әріптестері. Тағы бір фактор, АҚШ-тағы ақша-кредит саясатын қатаңдату. Бұған қоса мұнай нарығындағы тұрақсыздық – күн тәртібіндегі мәселенің бірі.
– Сарапшылардың пікіріне жүгінсек, Ресейге қарсы жасалған санкциялардың Қазақстанға тигізетін әсері ірі экономикалық шығындарға немесе геосаяси шиеленістерге әкеледі деген қауіп соншалық үлкен емес. Қазақстан көпвекторлы саясатын әрі қарай жалғастыра береді. Дипломатиялық тетіктер арқылы өзінің интеграциялық байланыстарын үдете түседі. Президент белгілеген мультивекторлық саясат дұрыс, – дейді Ж.Абылқасымова.
Сарапшының пайымдауынша, Қазақстанмен іргелес немесе алшақтау жерде орналасқан экономикалар көп. Олармен де санасып, кез келген жағдайға бейімделе білу қажет.
Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,
журналист
Ақшолақов Ресейден газ тартудың оңтайлы жолдарын атады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жарияланды
Ғылым • Бүгін, 15:42
Молдованың экс-президенті сатқындық жасады деген күдікпен ұсталды
Әлем • Бүгін, 15:30
Өзбекстанда заңсыз ұсталған қазақстандық туристерге қатысты СІМ пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 15:22
Қызылордада 214 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:15
Шымкентте өртенген ғимараттан мәйіт табылды
Оқиға • Бүгін, 15:02
Дипломдық жұмыстарға қойылатын талап өзгереді – Асхат Аймағамбетов
Білім • Бүгін, 14:53
12 жастағы қызды тонаған ұры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 14:42
АӘК алатын тұрғындарға газ бағасы төмен болады
Үкімет • Бүгін, 14:35
Нұр-Сұлтанда мыңдаған үй газға қосылады
Елорда • Бүгін, 14:25
Студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады
Білім • Бүгін, 14:12
Биыл 93 елді мекен газбен қамтылады
Қазақстан • Бүгін, 14:01
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Ұқсас жаңалықтар