Аймақтар • 06 Мамыр, 2019

Елордада Даңқ гүлі тізбегін қою рәсімі өтеді

1041 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша 8 мамырда Орталық қалалық зират аумағында Ұлы Отан соғысы жылдарында алған жарақаттарынан қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне Даңқ гүлі тізбегін қою рәсімі өтеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада Даңқ гүлі тізбегін қою рәсімі өтеді

8 мамырда сағат 10:00-де өтетін салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қаза тапқандардың туыстары, қала әкімдігі, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады. 

Қазіргі уақытта қаламызда Ұлы Отан соғысының 71 ардагері, 4 мыңға жуық тыл еңбеккері тұрады. Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері шипажайлық-курорттық емдеумен, коммуналдық-тұрмыстық қызметтерді төлеуге ай сайынғы ақшалай өтемақымен, монша мен шаштараздарға бару үшін әлеуметтік көмекпен, сондай-ақ, мәдени іс-шаралармен қамтамасыз етіледі. 

Биыл Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының шешімі бойынша Ұлы Отан соғысының барлық ардагеріне 67 АЕК (169 175 теңге) көлемінде біржолғы ақшалай төлем, сондай-ақ, қосымша 350 000 теңге беріледі.