31 Мамыр, 2013

Алматы Өскеменді басып озды…

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы Өскеменді басып озды…

Жұма, 31 мамыр 2013 2:00

Еліміздегі ең лас қалалардың көшін қазіргі таңда Алматы мен Өскемен бастап келеді. Бұл ретте соңғы кездері біздің оңтүстік астанамыз Шығыс Қазақстанның орталығын да артқа қалдырып отыр.

 

Жұма, 31 мамыр 2013 2:00

Еліміздегі ең лас қалалардың көшін қазіргі таңда Алматы мен Өскемен бастап келеді. Бұл ретте соңғы кездері біздің оңтүстік астанамыз Шығыс Қазақстанның орталығын да артқа қалдырып отыр.

Прокурорлар таяуда Шығыс Қазақстан өңірінің экологиялық ахуалын зерттей келіп, онда оң өзгерістің ешқандай сипаты байқалмайтынын атап көрсетті. Алтай тауының етегіндегі қаланың алып өнеркәсіп орындары бұрынғы қуатында жұмыс істеп, еңістегі елді Менделеев кестесіндегі барлық дерлік элементтермен улауды тоқтатар емес. Экологтар соның ішінде сілті ангидридінің, көміртегі мен азот қышқылының бәрінен де көп екенін анықтады. Бұлар жылына ауаға 62 тонна көлемінде улы қалдық болып жайылады екен.
Прокурорлар қазір осыған байланысты қаланың ірі кәсіпорындарын тексеруге кірісті. Осыған орай тәртіп бұзушыларды өте ірі көлемде айыппұлдар күтіп тұр. Дегенмен, жақында енгізілген Салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты мұны жасау да біраз қиындық туғызатын сияқты.
«Мысалы, Ресей Федерациясының Салық кодек­­­сінде ауаны ластаушы 225 түрлі заттан өтем­ақы алы­нады. Украинада да дәл осылай. Ал біздегі ондай зат­тардың саны бар болғаны 16 ғана. Демек, таби­­ғат­­­­­ты пайдаланушылар тек осы 16 зат бойынша ғана са­лық төлейді. Осының өзі олардан бюджетке түсетін құ­йы­лымның едәуір кем болуына апа­рып соқтырып отыр», деді Шығыс Қазақстан облы­сының табиғатты қорғау арнайы прокуроры Бақытжан Ізғұттинов.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.