«Өзіңнен баста!»
Жұма, 31 мамыр 2013 2:26
Мамыр айының орта шенінде елімізде «Өзіңнен баста!» акциясы басталған болатын. Мұндағы басты мақсат мемлекеттік орган жетекшілерінің белгілі бір уақыт аралығында алатын, табатын табысының мөлшеріне жариялылық беру еді. Осы арқылы тұрғындардың үлкенді-кішілі басшыларға қатысты айтылып қалатын «ішіп қойыпты, жеп қойыпты» делінетін әртүрлі алып-қашпа сөздеріне тосқауыл қою ниеті де көзделгені жасырын емес. Иә, сенім орнықпаған жерде кім-кімді де сезік билейтіні айтпаса да белгілі емес пе.

Аталған акция талабына орай «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі өңірдегі мемлекеттік орган басшыларына өздерінің табыстарын жергілікті баспасөз беттерінде жариялауы жөніндегі ұсыныс-тілектерін жолдады. Бұған олардың бәрі де қарсы келген жоқ деп хабарлады газет тілшісіне филиал төрағасының орынбасары Аққали Әубекеров.
Осы арада оған алғашқы болып үн қатқандардың бірі Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев екенін де айта кеткен жөн. Облыстық газеттерде жарияланған деректерге көз салсақ, ол ай сайын отбасына табыс ретінде 461 мың теңге кіргізеді екен. Сондай-ақ, өңір басшысы қызметтік үйде тұратынын мәлімдеген.
Ал облыстық басқармалар мен департаменттер арасында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының басшылары Нұрлан Бекқайыр мен Мерген Магутов өз табыстарын жариялаған. Оған көз салсақ, Н.Бекқайырдың Орал қаласында жеке үйі бар. Басқа жылжитын немесе жылжымайтын мүлкі жоқ. Ал, М.Магутовтың 2013 жылдың бес айында алған салықсыз таза жалақысы 747 мың 572 теңге құрайды.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы.