Спорт • 07 Мамыр, 2019

Джадд Трамп снукерден әлем чемпионы атанды

908 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Англияның Шеффилд қаласында снукерден өткен әлем чемпионатында (20 сәуір – 6 мамыр) британиялық Джадд Трамп тамаша табысқа қол жеткізді. Финалдық жекпе-жекте ол әлемнің төрт дүркін чемпионы Джон Хиггинсті 18:9 есебімен ойсырата жеңіп, спорттық мансабында тұңғыш рет әлем чемпионы атағына ие болды.

Джадд Трамп снукерден әлем чемпионы атанды

Бұл чемпионатта бірнеше әлем рекорды дүниеге келді. Мысалы, Трамп чемпионаттағы 100-ші сенчуриді және финалдағы 11-ші сенчуриді жасады. Мұнша сенчури-брейк әлем чемпионаттарында бұрын-соңды болып көрмеген еді. Сонымен қатар, ол осы чемпионаттың бас жүлдесі 500 мың фунт стерлингті (249 792 320,95 теңге) жеңіп алған соң, әлемде бір маусым ішінде бір миллион фунт стерлингтен астам табысқа қол жеткізген тұңғыш снукерші атанды.

Осы жеңісінен кейін 29 жасар Джадд Трамп әлемдік рейтингте 1166500 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал көш басында – 1196500 ұпаймен Ронни О'Салливан тұр.

Еске салсақ, Джадд Трамп пен Джон Хиггинс 2011 жылы әлем чемпионатының финалында күш сынасқан болатын. Ол кезде 21 жасар Трамп 15:18 есебімен тәжірибелі қарсыласына есе жіберген еді.



Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37