Жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде облыстың өкіл имамы, Қызылжар мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай мұсылмандардың бес парызының бірі оразаның сауапты істеріне, шариғат ілімдеріне жан-жақты тоқталғаннан кейін құран бағышталды.
Бұл жолғы қайырымдылық шараларына әкелі-балалы Орынбай, Шоқан, Ақан Орынбаевтар белсене араласып, ауызашардың барлық жабдықтарын көтеріскені арнайы алғыс айтылды. Қадырменді ақсақалдар облыстың құрметті азаматы Жақсылық Ысқақов, Зейнолла қажы Олжабаев, Зарқын Тайшыбай, «Вайнах» шешен-инғуш қоғамының жетекшісі Саид, серіктестік директоры Сермағанбет Ахмуддинов, тағы басқалары жылы лебіздерін білдіріп, жамағатты имандылыққа шақырды.
Жергілікті кәсіпкерлер мен этномәдени бірлестік өкілдері отыз күн бойы көпбалалы отбасылар, аз қамтылған жандар үшін дастархан жайып, азық-түлік пакеттерін үлестіруге уағдаласты.
Сергеев сүт зауытының басшысы Самат Рашидов келесі ауызашарды өткізу міндетін өз мойнына алды.