Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев «мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бұл біріншіден – жергілікті бюджетке ауыртпалықты азайту, инвестиция тарту және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Ал инвестор үшін – ұзақ мерзімге тұрақты бизнес ашу» дейді.
"Қазіргі таңда аймақта 34 млрд.теңгеден астам қаржыға 116 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде 38 жоба бойынша 13,8 млрд. теңге сомаға келісімшарт жасалған. Облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары экономиканың барлық салаларында жұмыс істейді. Ауылдық жерлердегі жобаларға басымдық берілген, нақты айтқанда жобалардың жалпы санының 67% тиесілі. Бұл ретте кірістің ішкі нормасының IRR - өлшенген көрсеткіші қолданылады. Жобалар бойынша орташа көрсеткіш 11% құрайды, бұл республикада ең үздік көрсеткіштің бірі болып табылады", - деді аймақ басшысы селекторлық режимдегі Үкімет отырысында.
Мәселен, облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында сәтті жүзеге асырылған жобалар қатарында 2017 жылы ашылған, бір ауысымда 400 адам қабылдайтын және 43 мың адам үшін диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізуге мүмкіндік беретін жаңа емхананы айтуға болады. Бұл жоба бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы бойынша концессиялық жобаның орнына іске асырылды. Осылайша, облыс 3,6 млрд. теңге сомасында бюджет қаражатын үнемдеп, 2 жылға арналған жобаны жедел түрде жүзеге асырып отыр.