31 Мамыр, 2013

Бір қорап темекі келесі жылы 93 пайызға қымбаттайды

356 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бір қорап темекі келесі жылы 93 пайызға қымбаттайды

Жұма, 31 мамыр 2013 2:29

Ересек қазақстандықтардың 26,5 пайызы қазір темекіге тәуелді болып отыр. Бұдан бөлек, жұрттың 62,2 пайызы оқта-текте болса да аузына темекі салады. Ал күн сайын шылым шегетіндердің шамасы 20,3 пайызды құрайды. Сонымен бірге, шегушілердің 25,9 пайызы темекіні қоя алмай жүр. Бұл туралы Алматы қалалық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталы­­­ғының директоры Гүлсара Сүлеймено­­­ваның дерегіне сілтеме жасаған BNews.kz хабарлады.

 

Жұма, 31 мамыр 2013 2:29

Ересек қазақстандықтардың 26,5 пайызы қазір темекіге тәуелді болып отыр. Бұдан бөлек, жұрттың 62,2 пайызы оқта-текте болса да аузына темекі салады. Ал күн сайын шылым шегетіндердің шамасы 20,3 пайызды құрайды. Сонымен бірге, шегушілердің 25,9 пайызы темекіні қоя алмай жүр. Бұл туралы Алматы қалалық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталы­­­ғының директоры Гүлсара Сүлеймено­­­ваның дерегіне сілтеме жасаған BNews.kz хабарлады.

Бүгінгі таңда темекінің зардабынан әлемде күн сайын орта есеппен 14 адам қайтыс болады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының дерегі осындай. Дәрігерлер темекіні ХХІ ғасырдың басты проблемаларының бірі санап отыр.
Соңғы жарты жылдың көлемінде рес­публикада темекімен күресті күшейту мақсатында оның акциздері бағасын кезең-кезеңімен көтеру шарасы жүргізілуде. Осы тәртіппен келесі жылы бір қорап темекінің бағасы екі есеге дейін өсуі мүмкін. Атап айтқанда, 2014 жылы оның құнын 93 пайызға көтеру межеленіп отыр.
Қазақстанда денсаулық сақтау саласы бойынша заңнамаларды жақсартуда айтарлықтай ілгері жылжушылықтар бол­ғанымен, темекінің бағасын көтеру жөнін­де шешілмеген өзекті мәселелер әлі де бар.
«Біздің елімізде темекінің бағасы орта есеппен 66 центті құрайды. Бұл – әлем бойынша орта бағадан едәуір төмен. Біз мұндай бағаның тұрғындардың басым бөлігі үшін, әсіресе, жастарға қолжетімді екенін жақсы түсінеміз», дейді Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Жәмила Баттақова.
Оның сөзіне қарағанда, Үкімет минис­трлік өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізіп, онда темекі өнімдерінің бағасын біртіндеп көтеру мәселесі талқыланған көрінеді. Шенеуніктердің ойынша, 2020 жылға қарай Қазақстанда темекі шегу­шілердің саны айтарлықтай азаюға тиіс.
«Темекі қорабының сыртына оның зияндылығын атап көрсететін графикалық бейнелер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысы 2011 жылы қабылданды. Осыған орай никотин өнімдерін өндірушілерге өз өнді­рістерін қайта құруға 18 ай мерзім берілді. Сөйтіп, қорқынышты суреттер бейнеленген өнімдер алдағы шілде айынан бастап сауда сөрелеріне шығарылуға тиіс болатын. Дегенмен, көптеген темекі компаниялары бұған қатысты өндірістерін сәуір айы­нан бастап кетті», деп мәлімдеді Ал­ма­­­тыда бүкіләлемдік темекі тартпау кү­ні­не арналған баспасөз мәслихатында Ж.Баттақова.
Оның айтуы бойынша, мұндай теме­кі өнімдері импорт пен экспортқа шы­ғарылатын тауарлардың барлығында да қолданылады. Соның ішінде адамға барынша қатты әсер ететіндері ретінде Таиланд пен Бразилияда қолданылған 12 қорқынышты сурет таңдап алынды.
Қазіргі таңда еліміздегі темекі шегу­мен күресте түрлі айыппұлдар салу жү­йесі жүзеге асырылуда. Алматы қала­сын­да үстіміздегі жылдың алғашқы 4 айын­да 1301 кәмелетке толмаған жас қо­­ғамдық орындарда темекі шеккендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласы әкімшілік полициясы бас­қарма бастығының орынбасары Бірлік Мол­дабаевтың айтуы бойынша, қаладағы сауда нүктелеріне жасалған рейдтердің барысында 44 тәртіп бұзушылық фактісі анықталды.
«Рейд барысында сондай-ақ ойын-сауық мекемесінің директоры әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен қатар, жас­тары кәмелетке толмағандарды түнгі мез­­гілде ойын-сауық орындарына жібер­ген 20 адамға қатысты арнайы шаралар қолданылды», деп түйіндеді сөзін Б.Молдабаев.
Мұрат АЙТҚОЖА.