Руханият • 07 Мамыр, 2019

1000 мақал білетін мектеп оқушысы Қарасай ауданында тұрады

1373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қымбат Сыламбай – Қарасай ауданындағы ең көп мақал білетін мектеп оқушысы. Ол қазірдің өзінде мыңға жуық мақал-мәтелді жатқа айтып, өз қатарластарының алды болып жүр.

1000 мақал білетін мектеп оқушысы Қарасай ауданында тұрады

Жақында Алматы облыстық Тілдерді дамыту басқарамасы мен Қарасай ауданының әкімдігі бірлесіп «Мақал – сөздің мәйегі» атты оқушылар арасында байқау өткізген болатын. Осы байқауға қатысқан Қымбат жиырмаға жуық алғыр замандастарына дес бермей, сайыстан оза шауып шықты.

Бұл байқауда тек оқушылардың мақал мен мәтелді жаттап алып айтуы ғана емес, тақырыпқа сай шешендік өнер мен сөз төркінін қаншалықты ұғынғандары сарапқа салынған болатын. Қымбат осы сынақтың барлығынан сүрінбей өтіпті.

- Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне екі жыл толуына орай, рухани құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Қарасай ауданы әкімдігімен бірлесіп «Мақал сөздің мәйегі» атты байқау өткізгенбіз. Бұл байқауға 14-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Облыстың 17 ауданы мен 3 қаласынан келген ұшқыр ойлы, үшкір тілді 20 жас сайыпқыранның арасынан кішкентай Қымбат озып шықты, - дейді  Алматы облыстық Тілдері дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев.