Спорт • 08 Мамыр, 2019

ЧЛ: «Барселона» финалдан тыс қалды

972 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финал аясындағы алғашқы қарымта ойыны өтіп, 2018/2019 жылғы маусымның алғашқы финалисі анықталды.

ЧЛ: «Барселона» финалдан тыс қалды

Англияның Ливерпуль қаласында өткен бәсекеде жергілікті команда Испанияның «Барселона» клубын қабылдады. 55 мың жанкүйердің алдында ойнап, қолдауын сезінген «Ливерпуль» қарсылас команданың қақпасына жауапсыз 4 гол соғып, екінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасының финалына шығып қана қоймай, матчта камбэк жасады. Өйткені, алғашқы ойында «Барселона» өз алаңында «Ливерпульді» 3:0 есебімен жеңген еді.

«Энфилд» стадионында өткен ойынның 7-минутында Дивон Ориги есепті ашса, 54 және 56-минуттарда екінші таймда алаңға шыққан Джорджиньо Вейналдум дубль жасап есепті 3:0-ге жеткізді. Ал «Ливерпульді» финалға шығарған гол 79-мунутта соғылды. Гол авторы – Дивон Ориги. Айта кетейік, бұл матчта «Ливерпульдің» екі үздік ойыншылары – Мохаммед Салах пен Роберто Фирмино жарақаттарына байланысты қатысқан жоқ.