Пәкстанда көзі жойылған лаңкес Қазақстан азаматы болып шықты
Сейсенбі, 4 маусым 2013 1:10
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны болып табылатын ол үстіміздегі жылғы ақпан айында Банну қаласына жасалған шабуыл кезінде өлтірілген. Сол оқиғаның егжей-тегжейі енді ғана ашылып отыр. Бұл туралы Nur.kz порталы хабарлады.

Қазіргі күндері шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары аталмыш лаңкестің қасында сыбайластары болғанын да жарыса жазып жатыр. Олар түгел Қазақстан азаматтары көрінеді.
Бұлардың барлығы бұдан екі жыл бұрын тіл үйрену мақсатымен отбасыларын алып, шетелге кеткен екен. Алдымен Мысырға тоқтаған олар сосын Сирия мен Иранға орналасып, соңынан Пәкстан жеріне тұрақтапты.
«Мой город» порталы таратқан ақпарға сенсек, қазір қаза тапқан қазақстандық лаңкестің әйелі елге қайта алмай отырғанға ұқсайды.
Сұлтан БОЗАЙҒЫР.