Аймақтар • 08 Мамыр, 2019

Алматыда «Жеңіс жауынгерлері» атты жиын өтті

1097 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының және Жастар жылының шеңберінде ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған «Жеңіс Жауынгерлері» атты салтанатты шара өтті.

Алматыда «Жеңіс жауынгерлері» атты жиын өтті

Мерекелік думанға Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, Назарбаев университеті Алматы қалалық өкілдігінің, ҚазСТА, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» РЖҚ, «Жарасым» РЖБ белсенділері мен студенттер қатысты.

Салтанатты кездесуде ұрпақ сабақтастығы мен отансүйгіштік сезімді нығайту мақсатында Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері ардагерлермен келелі сұхбат құрды.

Жиналғандар қызықты әрі қанық концерттік бағдарламаны тамашалап, ҚХА «Қамқор» акциясы аясында елі үшін қан кешкен қамкөңіл қарияларға сыйлықтар табысталды.

«Ел арасында сөз құдіретіне деген мызғымас наным сақталған. Шын ниетпен берілген ақ бата көздеген биік мұраттарға жетуге бірден бір септігін тигізетіндігіне халқымыз сенген және сеніп те келеді. Сол себепті, «Бата беру» дәстүріне сай құрметті ақсақалдардың батасын алудан үлкен сый жоқ»,- дейді басқосуға мұрындық болған Достық үйінің ұжымы.

Сондай-ақ Т.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің ҰОС ардагерлеріне арналған жұмыстары көрсетіліп, ән мен биден шашу шашылды.

АЛМАТЫ