Спорт • 08 Мамыр, 2019

Таңбалы таста үлкен марафон өтеді

903 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-12 мамыр аралығында Алматы облысы аумағында орналасқан Таңбалы тас шатқалында дәстүрлі «TENGRI ULTRA-2019» үлкен марафоны өтеді.

Таңбалы таста үлкен марафон өтеді

Іле жағалауындағы жарысқа 1 500 атлет қатысады. Олар 15, 35 жəне 70 шақырымдық қашықтыққа жүгірумен қатар, скандинавиялық жүрістен де сайысқа түседі. Осы бәсекелерде шамамен 3000 адам тамашалайды деп күтілуде.

«TENGRI ULTRA-2019» – Орталық Азия аумағындағы ең ірі үлкен марафон. Осы жарыстың жеңімпаздарын Шыңғысхан артефактылары рухындағы қолдан жасалған авторлық сыйлықтар күтіп тұр. Кезінде дəл осындай сыйлықтарды Шыңғысхан ерекше құзыретке ие болған өзінің ең жақын адамдарына берген.

«Биыл Ұлы дала марафоны бесінші мəрте өткелі отыр. Бұл – біз үшін мерейтой. Осыған дейін де ұйымдастырушылар дизайн мен медальдар 

үлгісін ешуақытта қайталаған емеспіз. Осы жолы да арт-директор Василий Кочетков көшпенділер мəдениеті дəстүрі үлгісіндегі керемет медальдарды дайындады. Солардың ең үздігі осы жарыстың жеңімпаздарына табыс етіледі, – дейді «TENGRI ULTRA» үлкен марафонын ұйымдастырушыларының бірі Тимур Артюхин.