Спорт • 08 Мамыр, 2019

Кәсіпқой бокс: Ахмедовтың қарсыласы анықталды

814 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 маусымда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі «Madison Square Garden» аренасында Қазақстанның әйгілі кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкиннің әлі ешкімнен жеңілмеген канадалық Стив Роллспен күш сынасатыны белгілі.

Кәсіпқой бокс: Ахмедовтың қарсыласы анықталды

Осы кеште шаршы алаңға шығатын еліміздің тағы бір өрені – Әли Ахмедовтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды. Екінші орта салмақтағы жерлесіміз тәжірибелі Абрахам Ханмен айқасады. 34 жастағы АҚШ-тың өкілі 2007 жылдан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетуде. Сол аралықта 31 кездесу өткізіп, 26 рет жеңіске жетті. 16 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. 4 рет ұтылып, тағы бір бәсекеде тең есеп тіркелді. Хан UBF нұсқасы бойынша алтын белбеудің иегері.

Сондай-ақ, Нью-Йорктегі бокс кешінде Геннадий Головкин мен Әли Ахмедовтен бөлек, Қазақстанның тағы бір даңқты былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов те өнер көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар