Спорт • 08 Мамыр, 2019

Баландин, Мусин мен Қасқабай АҚШ-та жаттығады

899 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның үздік үш жүзушісі – Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай енді АҚШ-қа аттанып, әйгілі бапкер Дэйв Салоның қол астында жаттығады.

Баландин, Мусин мен Қасқабай АҚШ-та жаттығады

Айтулы маман әр жылдары Аарон Пирсол, Джейсон Лизак, Аманда Бирл, Стасьян Ститс, Ленн Кразейльбург, Гэйб Вудвард, Колин Лэйн, Ребекка Сни, Усама Меллули, Косуке Китаджима, Маркуас Роган, Дэвид Валтерс, Рикки Бернс, Эд Мозес, Юлия Ефимова, Иан Торп, Габриэль Роуз сынды шоқ жұлдыздарды тәрбиелеген.

Жерлестеріміз арасында ең әйгілісі Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин екені даусыз. Десек те қос қандасымыз да осал емес. Әділбек Мусин мен Әділ Қасқабай құрлықтық жарыстарда жүлде алып жүрген жігіттер. Ендігі мақсат – Әділ мен Әділбекті әлемдік додаларда дараланатындай деңгейге жеткізу. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасы қарсаңында Дмитрий Баландинді де тыңғылықты даярландыру. Сол жоспарды жүзеге асыру үшін осы спорт түрінің тізгінін ұстаған азаматтар оларды АҚШ-қа аттандыруды құп көрді.