Спорт • 08 Мамыр, 2019

Баскетбол: Шешуші айқастар алда

1124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баскетболдан Қазақстанның тұрақты біріншілігі аяқталып, плей-оффқа жолдама алған командалар анықталды.

Баскетбол: Шешуші айқастар алда

Ел чемпионатының 2018-2019 жылғы маусымында жеті команда күш сынасты. Олар – «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Алматы Легионы» (Алматы), «Каспий» (Ақтау), Атыраудың қос клубы – «Атырау Барыстары» мен «АГУ Атырау Барыстары», «Синегорье» (Көкшетау) және «Тобыл» (Қостанай).    

Тұрақты біріншіліктің қорытындысы бойынша жартылай финалда бақ сынау құрметіне ие болған төрт команда анықталды. Енді осы межеде «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тобыл» (Қостанай) және «Алматы Легионы» (Алматы) мен «Атырау Барыстары» (Атырау) өзара шеберлік байқасады. Бұл бәсекелер 18-21 мамыр аралығында өтеді.

Жоғарыда аталған матчтарда жеңіске жеткендері бас жүлде үшін таласса, ұтылғандары қола медаль үшін сайысқа түседі. Шешуші бәсекелер 25-28 мамыр аралығында өтеді.   

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48