Аймақтар • 09 Мамыр, 2019

Студенттік кәсіпкерлік өңірлерді дамытуға серпін береді

676 реткөрсетілді

Жуырда С.Торайғыров атын­­­дағы Павлодар мемле­­­кет­тік университетінде елі­­міздегі Жоғары оқу орын­­­дары ректорлары кеңе­­сінің көшпелі отырысы өтіп, «Жоғары оқу орын­да­рындағы кәсіпкерлік ғылым, инновация, білім, биз­нес» тақырыбы аясында кәсіпкерлік білім беру мә­се­лелері талқыланды. Ке­­­­ңес­ке облыс әкімі Болат Ба­қауов, Омбы, Новосібір уни­­­­­верситеттерінің ректорлары, Ректорлар кеңесінің төр­ағасы Ерлан Сыдықов қатысты.

Әрине, ғылым, инновация, бі­­лім, бизнес бірлесіп жүзеге асы­рылғанда ғана кәсіпкерлік уни­­верситеттің дамуына жол ашы­­латыны сөзсіз. Қазір әлемде түрлі инновациялық идеялар пайда болып, өмірімізге дендеп енуде. Мәселе, жаһандық бәсекеге бейім­деліп, ілесе алуымызда. Да­мы­ған елдердің кәсіпкерлік, ор­та және шағын бизнес саласын­дағы жаңашылдық үрдістерінен үй­ренеріміз аз емес. Дамыған ел­­­­­дерде кәсіпкерлікке баулу мек­­­­­­­тептен басталатыны белгілі. Қа­зір кәсіпкерлік білім берудің қа­­­­­зақстандық жолы мен әдісін қолға алған жоғары оқу орындары қалыптасып келеді.

С.Торайғыров атын­­­­­­­­­­да­­ғы Пав­­­­лодар мемлекеттік уни­вер­ситетінің ректо­­ры­­ Гауһар Ахметова сұранысқа ие­ кадрларды дайындау білім бе­ру қызметі сапасының бас­ты индикаторларының бірі еке­нін айтты. Соңғы жылдары жергі­лікті оқу орны өңірдегі 278 өн­­­ді­ріс орнымен келісімшарт жа­­­са­ды. Техникалық жоғары бі­­­лім берудің жаңаша мазмұнын кәсіп­орындардың сұранысына сай лайықтау барысында оқу бағ­дарламасының 40 пайызын өн­діріс орындарында өткізу қа­растырылды. Нәтижесінде, былтыр түлектердің жұмысқа ор­наласу көрсеткіші 96 пайызға жетті.

 Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев облысқа сапарында уни­­­­­вер­ситеттегі Startup академиясының тұсауын кескен еді. Бұл студент­тер мен оқытушылардың кәсіп­­керлігін дамытуға, жобалар­­­ды коммерцияландыруға бағыт­­­­­­талған орталық. Бүгінде Startup ака­демиясында резиденттер тә­жірибе жинақтап, бизнес жүргізу дағдыларын меңгеруде.

М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің рек­торы Махметғали Сарыбе­­­­­­­ковтің айтуынша, студенттерді кәсіп­керлікке баулуда негізгі ма­мандықпен бірге шағын және орта бизнеске дайын­дау­ ерекше орын алады. Қа­зір Таразда студенттердің, магистрант­­­тар­дың инновациялық бизнес-идея­­­­­­­ла­рының жүзеге асуына қолдау көрсету үшін «Инновация және кәсіпкерлік орталығы» ашылған.

Сонымен бірге оқу-тәжірибе алаңында тамшылатып суару әдісі арқылы жеміс ағаштарын өсі­ру басталды. Биология ка­­фе­­­драсының жанынан ашылған «Жы­лыжай» тәжірибе алаңы оң­түстіккореялық компанияның тех­­­нологиясымен жасалыпты.

– Мен Жамбыл облысы әкім­дігінің кәсіпкерлікті дамыту бас­­қармасы жанындағы бизнесті қолдау комиссиясын бес жылдан бері басқарып келемін, – деді Мах­метғали Сарыбеков. Ко­мис­­­­­сия шешімі бойынша кә­сіп­­керлерге «Бизнестің жол кар­­­­тасы-2020» бағдарламасы ар­қылы мемлекеттік гранттар бө­лінеді. Өкініштісі сол, көп­те­ген қатысушылардың кәсіпкерлік мә­д­ениеті төмен екені байқалады. Олар өз жобаларына байланысты аш­қан жаңалығын, бизнес-идеясын жеткізе алмайды.

Жергілікті кәсіпорындардағы ма­ман тапшылығын, білімді тех­ни­­калық мамандар, инженер­лердің жетіспейтінін өңірдегі «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ президенті Валерий Гриненко жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, түлектердің оқу бі­тір­­геннен кейін өндіріске кел­гені, тұрақты еңбек жолын қа­­­лып­­тастырғаны екі жаққа да тиімді болар еді. Алайда көп­­шілігі бір жылдан соң келесі бір кәсіпорынға кетіп қалуға бейім екен. Осы тұста жиынға қа­­тысып отырған облыс әкімі Болат Бақауов:

– Сіздер түлектерге арналған әлеуметтік пакет жеңілдіктерін қарастырыңыздар, – деген ой қосты.

Жалпы В.Гриненко басқара­­­­­тын «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ дуалды оқыту жүйесі бойынша оқу орындарымен байланыс орнатқан өңірдегі бірден-бір өндіріс орны екенін айта кетейік. Серіктес кәсіпорын – жергілікті университеттің ма­­­­­манға тапсырыс берушісі әрі тү­лектерге жұмыс беруші.

Айта кетерлік мәселе, бү­­гінгі таңда Павлодар облысынан Ресейдің көршілес Омбы, Но­восібір, Том қалаларына барып оқитын қазақстандық студенттер аз емес. Шамамен өңірден жыл сайын мектеп түлектерінің 20 па­йызы шетелдерге оқуға кет­еді. Тіпті солтүстік өңірлерде жер­­гі­лікті түлектерге Ресейде білім алу туралы кеңес беретін ор­та­лық­тар да бар. Былтыр облыс ор­талығында түлектерден емтихан алуға ресейлік жоғары оқу ор­ны өкілдері келгені де есімізде. Ал «Серпін», «Дипломмен – ауыл­ға!» бағдарламасын тиімді жүр­гізу жолдарын жергілікті билік әлі де атқара алмай келеді.

С.Торайғыров атындағы университетте де технопарк болды. Бір кезде технопаркте қызмет ет­кен Жұмабек Омаровтың айтуынша, студент кездерінен тех­нопарк­те ғылыми жұмыс жо­басын жазып-сызып жүрген түлек­тер қазір Аты­­­­­рауда, Бай­­қоңыр ғарыш ай­­­ла­­­­­ғында жұмыс істейді.

Отырыста сөз алған еліміздегі Erasmus ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасболатова Erasmus+ бағдарламасының мақ­сатына, байқау талаптарына, еуро­палық бағдарламалардың ма­ңы­зы мен ерекшеліктеріне тоқ­талды.

– Университеттерде кәсіп­кер­лік білім берудің басым бөлігі – академиялық сағаттарда емес, Startup-тарды жетілдіруге жұмса­луы қажет. Көшпелі отырыста айтылған кәсіпкерлік университет құру және оны дамыту­ жайлы пікір алмасу алаңы пай­далы болғаны сөзсіз, дейді Г.Ахметова.

Отырыс аясында жоғары оқу­ орындарының ректорлары «Арт-garagе» бен DemoDayа Startup академиясымен таныс­ты. Қонақтардың назарына 20-ға жуық стартап-жоба, оның ішін­де Омбы және Новосібір уни­­верситеттерінің де жобалары ұсынылды, Spin-off projects ин­новациялық жобаларының тұ­сау­кесері өтті, С.Торайғыров атын­­дағы университеттің «Кәсіп­­­­­керлік және кәсіпкерлік білімді дамыту» жөніндегі экожүйесі та­ныстырылды.


Павлодар облысы


Соңғы жаңалықтар

Ұрлық та өрістеп барады

Аймақтар • Бүгін, 13:11

Зайсанға аққу келді (видео)

Видео • Бүгін, 12:09

Ұқсас жаңалықтар