Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым республикалық қоғамдық сайлауалды штабына жетекшілік етеді. Сондай-ақ, штаб құрамына кәсіподақ ұйымдарының басшылары, беделді ұлттық сарапшылар, ғылым қайраткерлері, кәсіби заңгерлер және «Келешек» жастар қозғалысының белсенділері кірді.
Орталық штаб еліміздің барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ашылған аймақтық қоғамдық штабтардың жұмысын үйлестіреді.