Аймақтар • 13 Мамыр, 2019

Алматыда 1 маусымда балалар марафоны өтеді

892 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалар күніне орай 1 маусымда балаларға арналған марафон өтеді. Бүлдіршіндер мен жеткіншектердің спортқа қызығушылығын арттыруды мақсат етіп отырған жүгіру шарасына 350 бала қатысады деп жоспарланған. Жарыстың тәртібі бойынша 3-4 жас аралығында балалар 200 метрге, 5-8 жас аралығындағылар 500 метрге, 9-14 жас аралығындағы балалар 3 шақырымға жүгіретін болады.

Алматыда 1 маусымда балалар марафоны өтеді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың спортқа деген көзқарасы балдырған жастан қалыптасады. Сондықтан да екінші жыл қатарынан ұйымдастырылатын жарыста әр баланың қуанышты сәтін көру ата-анасы үшін де аса маңызды. Жарыс аясында балаларға арналған қызықты бағдарлама, шоу ұйымдастырылып отыр. Балалар арасынан озып шыққан жүйріктер  арнайы сыйлықтармен марапатталып, естелік медальдер табыс етілетін болады.

Алматы әкімдігінің қолдауымен өтетін балалар жарысы Шахмардан Есенов атындағы ғылым-білім қорының, «Бірінші болу - батылдық» корпоративті қорының,  «World Class Almaty» фитнес клубының ұйымдастыруымен өтеді.