Сайлау • 14 Мамыр, 2019

Берік Әбдіғали: Уақыттан ұту керек

1120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Берік Әбдіғали: Уақыттан  ұту керек

Қазақстан Президенттігінен үміт­керлердің үгіт-насихат жұмыстары кандидаттардың бағдарламасы мен өмір­лік ұстанымдарына байланысты ерек­­шеленіп тұрғандығы байқал­ды. Мәселен, біреулері бірінші күннен-ақ халықпен кездесулер ұйымдастыр­са, енді біреулері плакаттар іліп, халық назарын аударуға тырысты. Бұл – қыс­қа уақытта ықтимал сайлаушыларына өзі­нің негізгі идея­ларын жеткізуге бағыт­талған дұрыс қадам. Айталық, үміткерлер мен олардың сенім білдірген өкілдері өңір­лерде жұртшылықпен кездесіп, бағ­дарламасының негізгі бағыттарын түсіндіруге кірісті. 

Сондай-ақ биылғы сайлауда үміт­кер­лер әлеуметтік желінің күшін пай­да­лануда. Әлеуметтік желіге орналас­ты­рыл­­ған бағдарламалар мен суреттерге ха­лықтың беріп жатқан бағасы да әр а­луан. Бірақ болашақта бұл бағыттағы жұ­мыс­тар жүйеленуі керек деп ойлаймын. 

Үгіт-насихат жұмыстарының бірін­ші күнінен-ақ қандай да бір үміт­керге шек­теу жасалды, халықпен кездес­тір­меді, зал бермеді дегенді есті­м­едім. Де­мек, осындай тең жағдайда үміт­кер­лер өз мүмкіндіктерін жіберіп алмауы керек. 

Берік ӘБДІҒАЛИ, 

саясаттанушы