Аймақтар • 14 Мамыр, 2019

Нұр-Сұлтанда Walk the Talk акциясы өтеді

1006 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Акция 17 мамыр күні 72-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы аясында Ботаникалық бақта өтеді деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда Walk the Talk акциясы өтеді

Қатысушылар 3 және 5 шақырымға жүгіріп, сондай-ақ скандинавия жүрісінен жарысқа қатыса алады. 

«Сауықтыру жүгірісіне қатысудан басқа, сіз қан қысымын өлшей аласыз, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтай аласыз, дұрыс тамақтану қағидалары туралы, донорлық ұстанымдар туралы кеңес алып, АИТВ статусынан экспресс тест өте аласыз. Нұсқаушы шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныбын өткізеді», делінген салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының хабарламасында. 

Акцияның мақсаты – денсаулықты нығайта отырып, өмір сүру ұзақтығын арттыруды белсенді насихаттау. Шара сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.